Қиын да қызықты тіл


Бұл тіл жайлы жазам деп уәде бергенімді АКА есіме салып өтті))
Қай тіл болмасын білмейтін адамға қиын көрінеді. Араб тілі де қиын сияқты көрінетін маған, бірақ менің білуімше шығыс тілдерінің ішіндегі ең қиын тіл қытай тілі екен. Ал араб тілі мұқият оқыған адамға қиындығы жоқ, қайта қызықты тіл сияқты. Қасиетті Құран түскен тілді бәріміздің де білгіміз келеді. Төте жазумен оқитын адамдар қаншама. Мешіттерге барсақ та діни сауат ашу курстары деген жазуларды жиі кездестіреміз. Алғаш шығыстануды таңдағанда қай тілге барсам екен деп бүкіл шығыс тілдері жайлы алдын ала мәлімет алғанмын. Сіздерге жазуға уәде бергенім де сол білгендерім ғана.
Әрі қарай

Қызылордалықтарға алтын сырға және тек қана оларға емес

Орталық мешітке барған едім, көзім «Араб тілі сыныбы» дегенге түскені. Үйдегі қыздарды берсем бе деп ойланып шартын сұрасам, тек ұлдар оқытылады екен. Дегенмен, бір жіп іліп шықтым. Сонымен, 10.06.2011-де ұлдарға арналған 1 айлық тегін лагерь
Әрі қарай